Балқаш қаласының әкімі бекіткен 2024 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес және балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2024 жылғы 15 ақпанда «Жер сілкінісі салдарынан өрт туындаған кезде тұрақты құрам мен балалардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың мақсаты-мектептің жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру, жер сілкінісі кезінде өрт туындаған жағдайда сауатты іс-қимылдар мен дұрыс мінез-құлықтың практикалық дағдыларын игеру.
Оқу-жаттығуға барлық педагогтар мен техникалық қызметкерлер, мектеп оқушылары қатысты. Мектеп қызметкерлерімен, оқушылармен нұсқаулық өткізілді, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі пысықталды.