Skip to content

Құрметті ата-аналар! Мектеп оқушылары және мектеп бітірушілер!

                Біздің сайтта  жүздескенімізге қуаныштымыз. Сіздердің біздің оқу орнымызбен танысуларыңыз қызықты ғана емес, жағымды  болады деген сенімдеміз.

Бідің мақсатымыз тәрбие алушы келешекке сапалы білім беріп, қолайлы жағдай жасау. Оқушылар мектебімізде оқып қажетті білім негізін

алады.

                Мектебімізде өзінің ісіне шебер, әрі балаға мейірімді,кәсіби деңгейі шыңдалған  білікті ұстаздар қызмет атқарады.

 Біз мектебімізді әрі қарай дамытып көркейтуге күш жігерімізді саламыз. Көп істер тындырылды, жасалатын жұмыстар әліде алда. Біз оқу үрдісіне қатысушылардың белсенділігімен алға қойған мақсаттарды орындап, табыстарға жетеміз.  

 1967 жылы Балқаш қаласында № 10 орта мектеп ашылды.

Ауласы кең, спорт және  акт залдары бар, үш қабатты ғимарат Желтоқсан көшесіне орналасты. Сол жылдардан бері қаламыздың өмірінде, тұрғындар, мемлекет өмірінде көптеген өзгерістер болсада мектебіміздің  сыңғырлаған қоңырауы толассыз естіледі.

 Біз жеткіншек ұрпақтың келешегін ойлаймыз, өйткені дәл солар ертең мемлекетті, қалаларды, мектептерді басқарады.

                Олардың арасында келешек Энштейн,Капица, Алтынсарин, Уалиханов болар.  Біз бүгіннен бастап оларға қайырымдылық, Отанға мейірімділік негізін қалаймыз. Бұл қиын істерде біздің көзқарасымызға еліміздің, қаламыздың, алтын ұя мектебіміздің тарихын білу көмектеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *