2024 жылғы 23 қазанда Балқаш қаласы білім бөлімінің әдіскері Ж.С. Мухаметжанова, Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің ақпараттандыру жөніндегі директорының орынбасары Э.К. Айтимбетова және №10 мектептің ақпараттандыру жөніндегі директорының орынбасары Г.А. Ахмеджанова информатика мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өткізді. Семинар барысында ICILS халықаралық зерттеуінің нәтижелері және оқу процесінде оқушылардың АКТ сауаттылығын арттыру үшін тапсырмаларды пайдалану қарастырылды. Семинар соңында мұғалімдерге ICILS тапсырмаларын сабақтарда жиі қолдану ұсынылды, себебі бұл оқушыларға акт-сауаттылықты, IT-дағдыларды және ақпаратты қауіпсіз, тиімді пайдалануды үйретуге мүмкіндік береді.