Skip to content

Бүгін 1 сәуір күні мектептің 5-11 сыныптарында сынып сағаттары өтті.

Бүгін 1 сәуір күні мектептің 5-11 сыныптарында ұлы композитор, КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Халық қаһарманы» Нұрғиса Атабайұлы Тлендиевке арналған сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілерімен бірге оқушылар композитордың өмірбаяны мен шығармашылығымен танысты. Олар композитордың мемориалдық мұражайына сырттай барды. Бұл күні кабинеттерде әйгілі күйші-композитор, дирижер, ХХ ғасырдың домбырашысының музыкасы шырқалды. Композитор қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінде өшпес із қалдырды, сондай-ақ бүкіл әлем өнерінің жоғары деңгейіне ұлттық музыка ағындарын енгізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *