Skip to content

Батырлардың ерлігіне тағзым!

Жыл сайын 15 ақпанда мектеп оқушылары ауған соғысы жауынгерлерінің монументіне келеді. Бұл жылы да солай болды.Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л.В.Кириченко бастаған мектеп парламентінің мүшелері, жоғары сынып оқушылары  қаза болған жауынгерлерді  еске алып, гүл шоқтарын қойды. Сол уақытта ескерткішке ауған соғысының ардагерлері жиналды. Оқушылар жауынгерлерді  мерекемен құттықтады.

Айта кетерлігі, оқушылар арасында ауған соғысының ардагері  Русских  Сергей Ивановичтің немересі Арина Русских  болды.

Қаза болған батырларға мәңгілік естелік! Өз әскери борышын адал атқарған жауынгерлерге  мың тағзым!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *