Skip to content

Балқаш қаласы “№10 ОМ” жыл сайын өткізілетін Қазақстан халқы Тілдер мейрамын атап өту апталығы аясында алғаш рет «Жастар әуені» атты қазақша  караоке байқауы өткізілді.

Оған 7-8 сынып оқушыларынан құралған 3 команда қатысып, 3 тілде ән шырқады.

Жоба жастардың үш тілді жете меңгеруге және бос уақытын тиімді және мәдени өткізуге негізделген. Сайысқа қатысушылар саны жылдан жылға артпақшы. Оған дәлел сайысқа қатысушылардың айтқан жылы лебіздері мен кері байланыстары. Ән таңдауда ешқандай шектеулер болмады. Әр топ өз таңдауларын жасады. Байқау ережесі бойынша, ең үздігі бірге,таза,нақышына сай орындау көзделді.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды  8 «А» сыныбынан құралған топ иеленді, олар Е.Хасанғалиевтің  «Атамекен» әнін  ерекше сезіммен орындап шықты.

Жеңімпаздарға дипломдар мен ән жинағы сыйлықтар, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *