Skip to content

«Жер сілкінісі салдарынан өрт туындаған кезде тұрақты құрам мен балалардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді

Балқаш қаласының әкімі бекіткен 2024 жылға арналған азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес және балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Балқаш қаласының «№10 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2024 жылғы                             15 ақпанда «Жер сілкінісі салдарынан өрт туындаған кезде тұрақты құрам мен балалардың іс-қимылдары» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты-мектептің жер сілкінісі кезінде азаматтық қорғау іс-шараларын орындауға дайындығын тексеру, жер сілкінісі кезінде өрт туындаған жағдайда сауатты іс-қимылдар мен дұрыс мінез-құлықтың практикалық дағдыларын игеру.

Оқу-жаттығуға барлық педагогтар мен техникалық қызметкерлер, мектеп оқушылары қатысты. Мектеп қызметкерлерімен, оқушылармен нұсқаулық өткізілді, төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі пысықталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *