Skip to content

Мектепке дейінгі даярлылық сыныбының балаларына арналған математикалық сауаттылық апталығы жалғасуда.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қалалық білім бөлімінің «№ 10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-сінде  мектепке дейінгі даярлық сыныбындағы балаларға арналған математикалық сауаттылық апталығы жалғасуда. Балалардың математикалық түсініктерді қалыптастыруда қызықты әртүрлі дидактикалық ойын жаттығулары кеңінен қолданылады.

Балалардың математикалық ұғымдармен танысуы әдеттегі  өмірде, әдеттегі сабақтарда болғаны маңызды.

Балалар математикалық тәсілдерді ойындарда, жұмбақтарда қолдана алады. Тіпті тиінге, қоянға және кірпіге жол көрсету үшін математиканы білу керек. 2024 жылғы 15 ақпанда балалар мысалдарды  кубиктердің көмегімен шы5арып, математикалық пазлдарды жинады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *