Skip to content

Жыл сайын оқу жылының басында өтетін іс шаралардың бірі 5- қыркүйек- Қазақстан халқы тілдерінің мерекесінің атап өтілуі.

Балқаш қаласы № 10 ЖББОМ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің ұйымдастыруымен аталмыш мереке апталығында 8 сынып білім алушыларынан құралған екі топ «ҚАЗАҚША QUIZ» интеллектуалды сайысына белсене ат салысты. Айта кетсек, Gazguiz интеллектуалдық ойыны  оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ойын  оқушылардың логикалық ойлауын, шапшаңдығын және білімдерін тексеруге, дамытуға бағытталған. Ойын алаңында орыс тілді оқушылар қазақ тілінде құрастырылған әртүрлі  сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Топ болып ақылдаса отырып, шешім қабылдай алатындарын да ортаға салды. Бұл – әрине, қуантарлық та, құптарлық жағдай. Осы орайда, мемлекеттік тілді жетік меңгерулеріне, жаңадан басталған оқу жылына қызығушылықпен қадам жасауға  көмек көрсету – біздер қазақ тілі мамадарының маңызды жұмыстардың бірі болып саналады. Ойын барысында шығармашыл ойлы жасөспірімдер құзіреттілігі, жаңа бастамалары көрінді. Оған дәлел ойынның әр додасында берілген жауаптары. Ойынға көрермен ретінде 7, 9, 11 сынып оқушылары да қатысып, өз білімдерін шыңдады. Мектеп директорының ӘЖ орынбасары Жұмажанова А.Б. ойынға төрелік етті.   Нәтижесінде, 8 «А» сыныбынан құралған “Гүлдер” тобы ойын жеңімпазы атанды.

Сайыс соңында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтардың жалпы, ойынның мазмұн маңыздылының пайдалы болғанын айтып, әліде ізденіп, білім алудың , мемлекеттік тілді білу керек екендігіне, ізденуге сөз берісті. Талаптарыңа нұр жаусын!. Білімге деген зейіндеріміз ашық болсын дегіміз келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *