Акция оқушылардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыруға бағытталған. Сәуір айында үйеңкі, сирень, шие көшеттері отырғызылды. Енді оларға күтім жасау, суару, қазу, зиянкестерден қорғау керек. Мұндай міндет мектеп парламентінің экология және еңбек фракциясының сынып президенттері мен депутаттарының алдына қойылды. Көшеттер сыныптар арасында бөлінді. Акцияға қатысушылар сыныптың әрпін көрсете отырып, эмблеманы байлады. Бүгіннен бастап бұл көшеттерді нақты сыныптар күтеді!
Өйткені, ағашты, бұтаны отырғызу ғана емес, өсіру де маңызды!