Бүгін ғылым мен технологияға арналған аптаның 4-ші күні. Дәл бүгін ЕМЦ жоспары бойынша 8-сынып оқушылары «Электр және физика» квесттерінде белсенді болды . Олар интерактивті тапсырмаларды орындады: «Электр тізбегінің барлық бөліктерін жинаңыз» , «Қыздыру шамының элементтерін көрсетіңіз», «Электр және CDs», «Физикалық денелер, құбылыстар, терминдер» тақырыбында басқатырғыштар жинады, «Электрлік құбылыстар» кроссвордын шешті.