«№10 ЖББМ» КММ-де «Наурыз-базарлық» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымының атынан қасиетті Рамазан айымен құттықтау сөздерімен және Наурыз мерекесімен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасылар үшін азық-түлік жиынтығы ұйымдастырылып, ата-аналарға табысталды.
«Қолдауымыз бен мерекелік көңіл-күйіңіз үшін алғыс айтамыз! Барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Баршаңызға денсаулық пен бейбіт аспан тілейміз!», көрсеткен көмегі үшін ата-аналарға алғыс айтты.