1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Баланы мектепке қабылдауға қажетті құжаттар:
- Ата-ана өтініші;
- Медициналық анықтамалар;
- №065/у нысаны (баланы егу) және №052-2/у нысаны (баланың денсаулық паспорты);
- Баланың 3х4 см өлшемдегі фотосуреті 2 данада. Мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2018 жылғы 12 қазанындағы №564 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес және 2024 жылғы 30 қантардағы өзгерістермен жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру үшін www.egov.kz веб-порталын немесе e.bilimal.kz порталын пайдалануға болады, немесе мектептің қабылдау бөлмесіне хабарласыңыз.