Skip to content

23 қазанда  «№10 ЖББМ» КММ-де 2-сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Мен сені мақтан тұтамын, менің Қазақстаным!» флэшмобы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу; Қазақстанның мәдениетімен, дәстүрлерімен және тарихымен танысу. 25 қазанда біз Қазақстан Республикасының күнін – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігін бейнелейтін маңызды мемлекеттік мерекені атап өтеміз. Бұл күн еліміздің жетістіктеріне, оның бай мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған.

          Республика күні бәрімізге ортақ үйімізді, Қазақстанды, оның тарихы мен болашағын мақтан тұтуға себеп болсын. Патриоттық хиттермен балалар билерді қуана орындады, осылайша елдің басты мерекесі қарсаңында көңіл-күй мен патриоттық рухты көтерді. Балалар Республика күнінің жастар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді, өйткені олар – еліміздің ең басты үміті мен болашағы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *