Skip to content

2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында 1-8, 10 сынып оқушылары үшін балалар мен ата-аналардың қалауы бойынша жазғы мектепте сабақтар ұйымдастырылды.

2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында білім сапасын арттыру және білімдегі кемшіліктерді толтыру мақсатында 1-8, 10 сынып оқушылары мен ата-аналарының қалауы бойынша Балқаш қаласының «№ 10 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттардың негізгі пәндері бойынша жазғы мектепте сабақтар ұйымдастырылды. Сабақтарда оқушылар күрделі тақырыптар бойынша білімдерін қайталауға және бекітуге мүмкіндік алады. Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтар экскурсияға шығу арқылы қызықты ойын түрінде өткізіледі. 5-8, 10 сыныптарда мұғалімдер практикалық сабақтар, зертханалық жұмыстар, эксперименттер жүргізеді. Жазғы мектепте оқу бағаланбайды, үй тапсырмасы берілмейді. Мектеп педагогтері жазғы уақытта оқу мүмкіндігінше қызықты және танымдық болуы үшін барлық жағдайларды жасауға тырысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *