К. Кулажанов атындағы қазақ технология және бизнес университетінің өкілдерінің айтуынша, бұл университет тамақ, жеңіл, мұнай-химия, тау-кен өнеркәсібі, қонақжайлылық, туризм, бизнес және басқару, ақпараттық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау салалары үшін жаңа формациядағы мамандарды даярлайтын мамандандырылған жоғары оқу орны болып табылады. Оқушылар университетте қандай мамандықтар оқытылатынын, қабылдау шарттары туралы білді. Кездесу соңында балалар берілген тақырып бойынша сұрақтар қойды, содан кейін оларға болашақ мамандықты дұрыс таңдау туралы тілек білдірген буклеттер табысталды.